09 апреля 2020 Астық

Қазақстанда бидай тиелген 157 вагон тұр

Қазақстанда бидай тиелген жалпы  175 вагон тұр, бұл ақпаратты «ҚТЖ» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов айтты, деп жазылды Курсивте.

«Бұл вагондардағы өнімдер фитосанитарлық тексеруден өтті, бірақ біз оларды Ауыл шаруашылығы министрлігінің нұсқауы бойынша рәсімдемей отырмыз.  Олар (АШМ) белгілі бір шешім айтпай отыр. Бұған дейін бізге 157 вагон шығаруға рұқсат етілген еді, оның 112 вагонын жібердік. Ал наурыз айының соңында тиелген 175 вагон әлі күнге дейін қаңтарылып тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі  аталған мәселені шешулері тиіс еді, бірақ әлі күнге дейін жауап болмай отыр», — деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша тағы да 600- дей вагонға өнім тиейді. ҚТЖ  мамандары ауыл шаруашылығы өндірушілеріне әзірге вагондарға астық салмауды өтінді, себебі АШМ сыртқа шығару үшін экспортқа квота бере ме, жоқ па, әлі нақты емес.

Бұл жағдайға байланысты ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марстың  айтуы бойынша, бұл тұрған вагондардың сертификаттары жоқ.

«Біздің мәліметтеріміз бойынша,ҚТЖ берген тізімдегі компаниялардың басым бөлігі қазіргі уақытта сертификат алмаған. Сертификат алу  бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл жерде тұрған вагондарға сол сертификаттар берілмеген, сондықтан да олар Қазақстан аумағынан сыртқа шыға алмайды», — деді маман.