Оңтүстік-батыс ҒЗИ-да көктемгі егіс жұмыстары басталды
«Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығының ғылыми зерттеу институтында» көктемгі егіс жұмыстары басталды.
Бұл ақпаратты ҰАҒБО баспасөз қызметі хабарлады.
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)
9 га егіс алқабына «Память-47» сұрыпты жаздық бидай тұқымы себілді. Оның бірегейі Р-1 — 3 га; Р-2 — 3 га; Р-3 — 3 га. Сонымен қатар, «Байшешек» (104 га) сұрыпты арпа егілді, оның бірегей түрі Р-1 — 12 га, Р-2 — 22 га, Р-3 — 70 га себілді.
Егіс алқаптарындағы жердің құнарлылығын жақсарту мақсатында 10 га егістікке ауыстырып егу әдісі бойынша жоңышқа тұқымы себілді.
Сонымен қатар, күзде 364 гектар «Стекловидная-24» және «Память-47» сортты дәнді дақылдар аммиак селитрасымен өңделіп, егілді. Сәуір айының басына дейін 50 га алаңға сафлор себіледі деп жоспарланған.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында егін егу жұмыстары басталды. Атап айтсақ, Жамбыл облысында 249,5 мың га (67%), Түркістан-167,5 мың га (25,5%), Алматы -97,1 мың га (15,6%), Қызылорда-23,9 мың га (17,6%) алқапқа егін егілді. Негізгі астықты өңірде (орталық және солтүстік аудандарда) егіс жұмыстары мамыр айында басталады.