Азық-түлік корпорациясы астықтың сатып алу бағасын жариялады
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2021 жылы жасалған форвардтық сатып алу шарттары бойынша қайтару үшін Triticum aestivum L. 3, 4, 5 сыныпты бидайдың, сыныпқа жатпайтын бидай дәнінің және 2 сыныпты арпаның сатып алу бағасын жариялады.
Азық-түлік корпорациясы сатып алу кезінде зиянкестермен залалданбаған болу керектігін еске салды. Бидай бойынша қалған көрсеткіштер келесідей ҚР СТ 1046-2008, арпа үшін ҚР СТ 2119-2011 стандарттарына сәйкес болуы керек.
Төлем Азық-түлік корпорациясы белгілеген астық қабылдау кәсіпорындарында жеткізу фактісі бойынша жүргізіледі.
Ал келесідей дақылдардың Tríticum durum, күнбағыс, қарақұмық, сұлы, зығыр, рапс және сояның сатып алу бағасы кейінірек жарияланады.
Форвардтық сатып алу шарттарын орындау бойынша қосымша ақпаратты мына мекен-жайлар бойынша алуға болады:
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57.