KAZSEEDS Нұр-Сұлтандағы көрмеде жаңа гибридтерді ұсынады
2021 жылғы 20-22 қазанда EXPO Астаналық Көрме орталығында өтетін KazAgro/KazFarm-2021 көрмелерінде KAZSEEDS компаниясы (Kusto Group құрылымына кіреді) Қазақстанның солтүстік өңірлерінде өсіру үшін құрылған жүгерінің екі жаңа ерте пісетін гибриді – "Әлия" және "Айша" ұсынады.
Жаңа гибридтерден басқа, KAZSEEDS жетекші тұқым өсіру компаниясы америкалық селекцияның жем-шөп дақылдарының жоғары өнімді тұқымдарын ұсынады. Сондай-ақ, компания мамандары басқарудың маңызды салаларында жеке ұсыныстар береді: құнарлылық, арамшөптермен күрес, себу жылдамдығы, жабдықты баптау.
Айта кетейік, KazAgro/KazFarm-2021-де "Өсімдік шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы" блогын өсімдіктердің демонстрациялық сұрыптары, жаңа селекция технологиялары, тиімді тыңайтқыштар, зертханалық жабдықтары бар ірі ауыл шаруашылығы өндірушілері ұсынатын болады.
Көрмені ҚР Үкіметінің, Нұр-Сұлтан әкімдігінің, сондай-ақ Германия, Беларусь және Түркияның ауыл шаруашылығы ведомстволарының қолдауымен ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы (ХКК) ұйымдастырады. 20-дан астам елден 120-дан астам экспоненттік компаниялардың қатысуы жоспарлануда.
Көрме аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты мен экспорты, АӨК-ге инвестициялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологияларының өндірісте қолжетімділігі, өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелері тақырыбында семинарлар өтеді. Көрменің мал шаруашылығы бөлімі өндірістегі инновацияларға да арналады.
Көрмелердің ресми ашылуы 2021 жылдың 20 қазанында, сағат 11:00-де өтеді.
Көрме үш күнге созылады: 20-21 қазанда сағат 10.00 – ден 18.00-ге дейін; 22 қазанда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін.
Көрме туралы толығырақ келесі материалдан оқыңыз: Бұқалар аукционы және малшылар съезі: KazAgro/KazFarm не дайындауда