06 мая 2022 Астық

Өзбекстан қазақстандық астық импортын ұлғайтты

Өзбекстан бірінші тоқсанда Қазақстаннан бидай, ұн, май, маргарин, ет және арпа импортын едәуір арттырды. Өткен жылы еліміз 2,9 млн тонна импорттай отырып, қазақстандық астықты сатып алуда көшбасшы болып қала берді.

Жалпы, үш ай ішінде Қазақстаннан Өзбекстанға құны $309,7 млн болатын азық-түлік әкелінді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 37,8% - ды құрады, деп жазады gazeta.uz басылымы.

Оның ішінде бидай импорты $138 млн-нан $201,6 млн - ға дейін (+46%), бидай ұны - $17,3 млн-нан $28,1 млн-ға дейін (+62,3%), өсімдік майы - $17,2 млн-нан $19,6 млн-ға дейін (+13,8%), маргарин мен құрама май - $873,4 мың доллардан 15,9 миллион долларға дейін (18,3 есе), ет - 3,1 миллион доллардан 11,8 миллион долларға дейін (3,8 есе), арпа - 1,3 миллион доллардан 6,7 миллион долларға дейін (5,1 есе).

Айта кету керек, 2021 жылы Қазақстан экспортқа 7 млн 90 мың тонна астық жіберді (өткен жылдан 184 мың тоннаға артық). Оның 2 млн 969 мың тоннасы Өзбекстанға кеткен (бұл 2020 жылға қарағанда 214 мың тоннаға аз).

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық астық көшбасшыларының үштігіне Тәжікстан (1,5 млн тонна) және Иран (867 мың тонна) кірді.

Толығырақ келесі материалда оқыңыз: 2021 жылы қазақстандық астықты сатып алушылардың ҮЗДІК-15