20 июня 2022 Астық

Қазақстан Иранға 1 млн тонна астық жеткізеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға сапары барысында екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы министрлері Иранға 1 млн тонна көлемінде астық дақылдарын жеткізу туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы ElDala.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жеткізу 2022-2023 жылдардағы егіннен жүзеге асырылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ, Тараптар келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, ол бау-бақша (түрлі құрғақ және жаңа піскен жемістер, субтропикалық жемістер экспортының көлемін ұлғайту), ауыл шаруашылығы ғылымы (органикалық өнімдер өндіру, бау-бақша шаруашылығын суарудың заманауи әдістері мен технологиялары, тамақтану), АӨК-ге инвестициялар (алма және жүзім дақылдарын және Қазақстандағы жеміс-жидек бақтарын басұаруды реформалау мен жаұсариу, алма бақтарын дамыту), мал шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған салалардағы ынтымақтастықты көзбейді.

Тақырып бойынша оқу: Қазақстан Иранмен бірлескен сауда палаталарын құрады

Сонымен қатар, Қазақстан мен Иранның ауыл шаруашылығы министрлері ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат шеңберінде Қазақстан Иранға мынадай өнімдерді жеткізуді жүзеге асыруға ниетті: дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), майлы дақылдар (зығыр тұқымы), өсімдік майлары (күнбағыс майы), кондитерлік өнімдер, ет (қой еті, сиыр еті) және ет өнімдері.

Өз кезегінде Иран Қазақстанға көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қияр), жемістер (алма, алмұрт, айва, құрма, інжір, ананас), сүт өнімдері мен су кәсіпшілігі өнімдерін жеткізетін болады.

Айта кету керек, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ҚР мен ИИР арасындағы АӨК саласындағы тауар айналымы 167,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8%-ға артық. Экспорт 1,6 есеге өсіп, 135,7 млн долларды құрады, импорт 16,1%-ға, 31,8 млн АҚШ долларына дейін өсті.