Қазақстан Моңғолиядан ірі қара мал әкелуді жоспарлауда
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Моңғолия Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерімен видеоконференция арқылы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның сегізінші отырысына дайындық мәселелерін талқылады. Екі жақты тарап Моңғолиядан Қазақстанға мал әкелу мүмкіндігін талқылады. Бұл туралы Сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан тарапы ірі қара малды импорттауға қызығушылық танытып отыр және жақын арада Моңғолияның Азық-түлік, ауылшаруашылық және жеңіл өнеркәсіп министрлігіне ресми ұсыныстар жіберетінін мәлімдеді», — деп хабарлады министрлік.
Үкіметаралық комиссияны Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және Монғолияның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Содномын Чинзориг басқарады. Аталған онлайн-келіссөздерге Моңғолияның салалық мемлекеттік органдары және екі елдің төтенше және өкілетті елшілері қатысты.
Кездесу соңында екі мемлекет моңғол тарапына 2021-2024 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі күн тәртібі мен жол картасының жобалары бойынша ұсыныстар беруге келісті.
Моңғолия соңғы 30 жыл ішінде мал басын едәуір көбейте алды. Атап айтқанда, қой мен ешкінің саны 25 миллионнан 57 миллионға дейін өсті, ірі қара мал саны да өсуде. Жайылымдар шамадан тыс көп болғандықтан, ел ет пен тірі малды экспорттауға мүдделі болып отыр.