Қазақстан 2020 жылдан бастап Қытайға шошқа етін экспорттай бастайды
Қазақстандық мал өсірушілер жыл соңына дейін шошқа етін Қытайға экспорттайтын болады. Бұл хабарды бүгін үкіметтің отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров мәлімдеді.
«2019 жылы Министрлік Халықаралық эпизоотикалық бюро деңгейінде африкалық шошқа безгегінен жоқ ел мәртебесін растайтын жұмыс жүргізді. Сондай-ақ, шошқа етін экспорттауға Қытаймен ветеринарлық сертификатқа қол қойған болатын», — деді Омаров.
Министрдің хабарлауы бойынша, 2019 жылы Қытайдың Бас кеден қызметі инспекциялық жұмыстардың бірінші кезеңіндегі істерді атқарды. Қазіргі уақытта, экономиканы жақсартудың кешенді жоспары аясында ҚХР-дың Бас кеден қызметі қазақстандық кәсіпорындарды импорттаушылар тізіліміне енгізу мәселесін үйымдастыруда.
«Осылайша, Қытайға шошқа етін жіберу жыл соңына дейін жүзеге асатын болады», — деді министр.