СҚО-да 50 мың басқа арналған жаңа шошқа ферма салынады
Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданында орналасқан EMC Aгро шошқа фермасы 50 мың басқа арналған ферма құрылысын бастады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауданға сапар барысында Тайыншы ет комбинатының жұмысымен танысты. 2019 жылы мұнда 1,8 мың тонна ет өндірілді, биыл олар өндірісті 3 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. 50 мың басқа арналған екінші шошқа фермасының құрылысы басталды.
Петропавловск.news хабарламасы бойынша, осыдан екі жыл бұрын мұнда «EMC Aгро» ЖШС-нің 50 мың басына арналған ірі шошқа өсіретін кешен ашылған болатын. Жаңа ферма іске қосылғаннан кейін екі кешен 100 мың шошқа етін дайындауға дейін өседі.Бұл Қазақстан Республикасындағы аса ірі мал өсіретін фермалардың біріне айналады.
Бұл кәсіпорын Қытайға шошқа етін экспорттауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар холдинг ет өндірісінің өзіндік құнын төмендету үшін мал бордақылау зауытын салады.
Өндіріске жаңадан іске қосылған ет комбинаты неміс технологиясы бойынша жұмыс істейді. Мұнда шошқа өсіріледі, содан кейін ет және шұжық Lecker брендімен шығарылады (неміс тілінен аударғанда – дәмді деген мағынада). Өндірушінің айтуынша, өнім таза еттен жасалады, бірақ бағасы арзан емес. Петропавлда мұндай өнімдер әзірше жоқ.
Әкім Петропавлдың бөлшек сауда желілері бұл идеяны қолдайды деген үмітін білдіріп, өнім сатылымын арттыруға көмектесуге уәде берді.
«Біздің міндетіміз – алқаптан дүкен сөресіне дейін жеткізіп, барлық өнімді өзіміз шығару. Бұл басқа елден әкелінген тауарға қарағанда арзан. Ал сапасы жоғары, өйткені біз шикізаттың сапасын бақылай аламыз. Облыста шұжыққа сұраныс 1700 тоннаны құрайды, ал біз 1200-ді өндіреміз. Ішкі сұранысты және экспортты қамтамасыз ету қажет. Келесі аптада біз сауда желілерінің басшыларын жинаймыз, сіз презентация жасап, өнімді таныстырыңыз. Тауарды көрнетіндей жерге орналастыру керек. Импортталған өнімдер біздің дүкендерде жақсы көрінетін жерлерде тұрады, ал біздің өнімдеріміз клиенттерге көрінбейтін жерлерде орналасқан деген ақпарат бар. Не себепті бұлай жасалады?» - деп аймақ басшысы мұндай жағдайға көңілі толмайтындығын айтты.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, 2019 жылы бүкіл аймақта 56 мың тонна ет өндірілген, оның тек 8 мың тоннасы өңделген, яғни 15%. 2019 жылы ет өңдеу зауытында 1,8 мың тонна өндірілді, осы жылдың 4 айында 1,1 мың тонна өнім өндірілді. Мамыр айында шұжықтың төрт түрінен сынама өндіріс жасалды. Жыл соңына дейін 40 тоннадан астам шұжық пен жартылай фабрикаттар мен 2,8 мың тонна салқындатылған ет өндіру жоспарланып отыр. Бұл жағдайда облыста ет өңдеудің үлесі 15% -дан 25% -ға дейін артады деп күтілуде.