Қазақстан ҚХР-ға құрғақ түйе сүтін экспорттады
Қазақстандық EURASIA INVEST LTD зауыты ҚХР-ға түйе сүтінің ұнтағын экспорттады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
«Биылғы жылы қазақстандық EURASIA INVEST LTD зауыты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХРдың Кеден әкімшілігінің импорттаушылар тізіліміне енгізілді, бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік болып саналады, өйткені ҚХР нарығы өндірушілер үшін ең қиын, бірақ біздің қазақстандық сапалы өнім өндірушілер үшін келешегі зор болып саналады», - деп жазды Б.Сұлтанов Facebook-те.
Министрлік басшысының хабарлауынша, EURASIA INVEST LTD Қытайдың жеке және мемлекеттік институттармен ұзақ іскерлік келіссөздерден кейін, стандарттарын талдау арқылы ҚХР-ға Saubota түйе сүтінің алғашқы ұнтағын жеткізді.
«Біздің елдің өнімдер алғаш рет Ланчжоу провинциясында пайда болады, экспорттық өнім жеткізілетін келесі бекет - бұл Пекин! Компанияның жоспарында Қытайдың тағы 4 провинциясы бар!» - деді Сауда министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар, министрлік экспорттаушы шығындарының бір бөлігін азайту үшін керекті құжаттарды тапсыруда қолдау көрсететін болады.