ДЖДҰ Қазақстанның ветеринариялық қызметтерінің аусыл ауруына ден қоюға дайындығын бағалады
Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) симуляциялық оқу-жаттығулардың қорытындысы бойынша Қазақстанның ветеринариялық қызметінің аусылдың өршуіне ден қоюға дайындығын бағалады. Бұл туралы ElDala.kz ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Осы іс-шараның қорытындысы бойынша аусыл ошағы пайда болған жағдайға ден қою, аусыл ауруын бақылауды күшейту бойынша ветеринариялық қызметтің ДЖДҰ ұсынымдарына сәйкес келу мақсатында ауруды бақылауға жауапты ұлттық ветеринариялық қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы дайындығы расталды", - деп атап өтті Ветеринариялық бақылау комитетінде.
Естеріңізге сала кетейік, ірі қара мал арасында аусылды жою бойынша симуляциялық жаттығулар 26-28 қазан аралығында өтті. Оқу-жаттығуды Ветеринариялық бақылау комитеті Қазақстан Үкіметі мен ДДСҰ арасында қол қойылған Келісімді іске асыру шеңберінде жүргізді.
Аңыз бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында сиыр өлімі орын алған, өлген сиырдан патологиялық материалды зерттеу кезінде "А" типті аусыл вирусы анықталған.
Оқу-жаттығуларға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ғылыми-зерттеу институттарының, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарының, аумақтық инспекцияларының өкілдері, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі органдар, ішкі істер органдары, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, денсаулық сақтау мекемелері жұмылдырылды.
Жалпы оқу-жаттығуға ветеринариялық қызметтің 43 қызметкері жұмылдырылды, 5 бірліктен астам автокөлік құралдары тартылды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2022 жылы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанның төрт аймағында вакцинациясыз аусыл ауруының жоқтығын растайтын мәртебелердің қолданылуын тоқтатты. Мұндай шешім малды вакцинациялаудың басталуына байланысты қабылданды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың мамыр айында ҚР аусылсыз елдің мәртебесін қалпына келтіреді деп күтілуде.