25 июня 2020 Мал шаруашылығы

Солтүстік Қазақстан облысының Дмитриевка ауылында бруцеллёз ауруына байланысты карантин жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысы Дмитриевка ауылында мал бруцеллёзінің өршуіне байланысты карантин салынды.

Ауылдық округ әкімінің шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Дмитриевский ауылдық округіне қарасты Дмитриевка ауылында ірі қара мал арасында бруцеллёз ауруына қарсы шектеу шаралары белгіленді.

Шығарылған шешімнің орындалуын аудан басшысы тікелей өзі бақылайтын болады.

Бруцеллёз - ауруы жануарлар және пісірілмеген сүт өнімдері арқылы адамға жұғатын  зоонозды инфекция. Ол адам ағзасының мүшелері мен жүйелерін зақымдайтын індет.

Бұған дейін жауапты органдар Қазақстанда 2020 жылы ауыл шаруашылығы мал арасында аса қауіпті инфекцияларды  жұқтыру жағдайлары  азайғандығы хабарланған болатын.