Жамбыл облысында мал басы айтарлықтай артып келеді
Биыл Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жасалып жатқан пилоттық жобаның арқасында өңірдегі мал басы едәуір өсті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Бесағаш ауылдық округінде пилоттық жоба аясында жергілікті мал өсірушілер 4767 бас ірі қара мен ұсақ мал сатып алды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Рысбек Иманалиев жылдық 2,5% -бен 5 миллион теңге несие алды. Еңбеккер аталған ақшаға бес бас ірі қара мал, бес жылқы және 10 қой сатып алды. Қазір фермада 15 бас ірі қара мен 34 қой бар. Аталған малдарды бордақылағаннан кейін олар жергілікті базарға ет сатады. Кәсіпкер мал бордақылау қымбат болмас үшін өзінің бордақылау базасын салуды жоспарлап отыр.
«Егер малға азықты өзіміз дайындайтын болсақ, бізге аздап болса да еттің бағасын арзандатуға мүмкіндік болар еді. Жергілікті билік оларға Мойынқұм ауданында 20 сотық жер телімін ұсынды, бірақ онда су жоқ. Құрғақ жерде және алыс жерде жемшөп дайындаудың ешқандай да пайдасы жоқ », - деді кәсіпкер аймаққа жұмыс сапарымен келген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуде.
Өңір басшысы атап өткендей, қиын жағдайдан шығудың бір жолы бос жерлерді тиімді пайдалану болып табылады.
«Ауданның болашағы зор. Бірақ ауыл шаруашылығының дамуына кедергі келтіретін ең үлкен мәселе - бұл ауылшаруашылық өндірісін дамытуға қаражат салғысы келетін мал өсірушілерге жердің жетіспеуі. Бесағаш ауылдық округінде бос жатқан, пайдаланылмайтын және игерілмеген жерлер өте көп, бірақ бұл учаскелердің барлығының да иесі бар. Бұлардың бәрі біреудің жері. Сондықтан да мұның барлығына тексеру жүргізу қажет», - деді Сапарбаев.
Сонымен қатар, ол «Іске сәт» кооперативінің бидай өсіретін алқабында болды. Кооперативтің жалпы жер көлемі 7477 га құрайды. Оның ішінде бидай биыл 100 гектардан астам алқапқа, ал 313 гектарға - арпа, 200 гектарға - жүгері, ал қалғанына түрлі дақылдар себілді.
Одан әрі облыс әкімі жергілікті тұрғын Сейілхан Қадырбаевтың жаңа жоғары технологиялық жылыжайының жұмысымен танысты. Жобаның құны - 11 миллион теңге. Мұнда 12 гектар жерге бірнеше қияр мен қызанақтың сорттары өсіріледі.
С.Қадырбаев облыс әкіміне мемлекеттік қолдау көрсету туралы өтінішін айтып, жүгінді. Кәсіпкер жылу жүйесін орнатуды, тамшылатып суаруды және қорғаныс жабынын орнатуды жоспарлап отыр. Бұл үшін қосымша 20 миллион теңге қажет.