13 июня 2023
Мал шаруашылығы
Эмкар Ақтөбе облысының шаруашылығында анықталды
Ақтөбе облысындағы "Сарым" шаруа қожалығында бұқадан патологиялық материалды зерттеу кезінде эмфизематозды карбункул ауруы зертханалық расталды. Осыған байланысты шаруашылық аумағында шектеу іс-шаралары енгізілуде.
Шаруа қожалығы Маржанбұлақ ауылдық округіндегі Маржанбұлақ ауылында орналасқан.
"Алға ауданындағы Маржанбұлақ ауылының "Сарым" шаруа қожалығында ірі қара малдың арасында эмфизематозды карбункул (бактериологиялық) ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін", - делінген ауылдық округ әкімінің шешім жобасында.
Бұған дейін эмкар Қарағанды облысының Сарышаған кентіндегі қыстау аумағында анықталған болатын.