Абай облысында ет комбинаты мен бордақылау алаңы салынады
Қытайлық Hualing Cattle Industry Group Co., Ltd компаниясының өкілдері бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылау үшін Абай облысына барды. Кездесулер аясында инвесторларға мал шаруашылығы саласындағы ірі жобалар таныстырылды, олар жақын арада өңірде іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңір әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесуде Қытай компаниясының өкілдері өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты, инвестициялар тартуды және ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады.
Сапар барысында инвесторлар Semey Тannery былғары өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорнына барды. Сондай-ақ оларға Eurasia Agro Semey ет өңдеу кешенін салу, "Бесқарағай Агро" ЖШС мал шаруашылығы кешенін құру және дамыту, "Шалабай" ЖШС 1000 бас ірі қара мал бордақылау алаңын салу жобалары таныстырылды.
Бұдан басқа, Семейдегі Qazaq Аstyq Group күнбағыс майын өндіру, "Өрнек" ЖШС сүт өндіру кәсіпорындарына және Көкпекті ауданындағы дәнді және майлы дақылдарды өсірумен айналысатын "Елімай көкпекті" мал шаруашылығы кәсіпорнына бару жоспарлануда.
Hualing Cattle Industry Group Co., Ltd компаниясы девелопмент, сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және т.б. сияқты салаларға маманданған.