Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 12,8 млрд теңге болатын сүт фермалары салынуда
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 12,8 млрд теңге болатын сүт фермаларын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы әкімдікте өткізілген жиында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
«Биыл облыстың алты ауданында жалпы құны 12,8 млрд.теңге болатын сүт кешенінің құрылысы салынуда. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарында 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Нысандарды іске қосқаннан кейін біз 200-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз», - деді облыс әкімі.
Ол жаңа фермалар іске қосылғаннан кейін сүт өнімдерін өндіру қосымша 30 мың тоннаны құрайды деп атап өтті. Нысандарды пайдалануға беру өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын арттырады, өнім түрлері мен жаңа жұмыс орындары пайда болады.
Әкімнің ақпараты бойынша, бүгінде облыста ұйымдастырылған фермалар өндірілген сүттің 36% -ын құрайды.
«Егер былтыр бірінші жартыжылдықта 86 мың тонна өнім өндірсе, қазір 10 мыңнан асып кетті. Бұл біздің жаңа фермаларды ашудағы бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесі. Биыл біз бұл жұмысты жалғастырып жатырмыз», - деді Құмар Ақсақалов.
Жалпы, оның айтуынша, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында облыста сүт өндірісі 5,4% -ға, ет өндірісі 8,5% -ға өсті. Алты айдағы ауыл шаруашылығындағы өсім 3%-ды құрады. Жалпы, диқандар 74 млрд теңгеге өнім өндірді.