17 ноября 2023 Мал шаруашылығы

Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығында қарасан ауруы анықталды

Ақтөбе облысындағы «Самғат» шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында эмфизематозды карбункул аурудың анықталуына байланысты карантин белгіленеді.

Шаруашылық Ойыл ауданының Қоптоғай ауылдық округіндегі Амангелді ауылының аумағында орналасқан. Карантин Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының ұсынысы негізінде аудан әкімінің шешімімен енгізіледі.

Бұған дейін эмфизематозды қарбункул Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылдық округінде және Алға ауданының Маржанбұлақ ауылдық округінде анықталған болатын.