Қытай Қазақстаннан ет әкелуге рұқсат берді
Қытай 7 ақпанда Қазақстаннан құс өнімдерін әкелуге және бұрын қолданыста болған аусылға қатысты шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Құс өнімдерін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бері жалғасып келеді, ал аусылға шектеулер 2022 жылы енгізілді. Шектеулерді алып тастау Қытайға ҚР оңтүстік-шығыс өңірлерінен мұздатылған сиыр еті мен шошқа етінің экспортын, сондай-ақ құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Енді Қазақстан экспорттық тауарлар желісін кеңейту жөніндегі ветеринариялық талаптарды келісу рәсімін, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағынан кәсіпорындарды экспортқа жіберу жөніндегі жұмысты бастай алады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылы Қытай құс тұмауы мен аусыл ауруының қаупін бағалағанын атап өтті. Желтоқсан айында ҚХР Бас кеден басқармасы мен ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің сарапшылар тобының Қазақстанға сапары аясында жоғарыда аталған ауруларға жеткілікті бақылауды қамтамасыз ету тұрғысынан ҚР ветеринариялық қызметінің қызметіне аудит жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында Ресей Қазақстаннан ет әкелуге тыйым салуды да жойған болатын.