29 февраля 2024
Мал шаруашылығы
Ақтөбе облысында ІҚМ арасында пастереллез анықталды
Ақтөбе облысының Тоқмансай ауылдық округіндегі шаруа қожалығында ірі қара малдың пастереллезінің анықталуына байланысты карантин енгізілуде. Әкімдіктің тиісті шешімі Ашық НҚА порталында жарияланды.
«Алғын ауданы Тоқмансай ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылындағы «Қасен» шаруа қожалығында ірі қара мал арасында пастереллез ауруының орын алуына байланысты карантин белгіленсін», - делінген құжатта.
Айта кетейік, биыл Қарағанды облысында жылқылар арасында эпизоотиялық лимфангиттің таралуына байланысты карантин енгізілді. Аурудың өршуі Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында анықталды.