07 августа 2020 Мал шаруашылығы

Маңғыстау облысында балық шаруашылығы жақсы дамуда

Мұнайлы ауданында 2018 жылы іске қосылған балық шаруашылығы алдағы уақытта кеңейтілетін болады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен кәсіпкерлік,хабарлады.

Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дастан Мұраталиевтің айтуынша, Баянды ауылында орналасқан «Байұлы» шаруашылығына 100 га жер телімі берілді. Ресей Федерациясының Астрахань облысынан фермаға 10 мыңға жуық тұқы, сазан және күміс тұқы уылдырықтары әкелінді.

«Аталған шаруашылықта 4 адам жұмыс істейді. Фермерде көлемі 180 текше метр 15 акватория және 4 мыңға жуық балық өсіріледі. Ферма иесі Евгений Басенко болашақта балық санын көбейтуді, оны қақтауды және өнімді төмен бағамен сатуды жоспарлап отыр», - деді Дастан Мұраталиев.