03 апреля 2024 Мал шаруашылығы

Westfalia Қазақстан жаңа роботтандырылған сауу залдарын ұсынады

«Вестфалия и Ко» компаниясы (әйгілі GEA неміс концернінің дилері) биыл Еңбекте (Ақмола облысы) және Қостанайда өтетін «Қазақстанның Дала күні Jana Dala / Green Day ‘2024» мамандандырылған көрме-демонстрациясының Алтын демеушісі болады.

«Westfalia Казахстан» өкілдері Ақмола және Қостанай облыстарында Дала күндері аграрийлерге жабдықтың техникалық сипаттамалары және оны сатып алу шарттары бойынша кеңес береді», - деп хабарлады Jańa Dala / Green Day баспасөз орталығы.

«Вестфалия и Ко» ЖШҚ-ның ресми өкілі - Westfalia Қазақстан осы маусымда Қазақстанға DR 9500 роботтандырылған алғашқы сауу залдарын жеткізуге ниетті. Жоғары технологиялық жабдық алынатын сүттің сапасын едәуір арттырады, ІҚМ-ны ыңғайлы саууды қамтамасыз етеді, сондай-ақ СТФ технологиялық процестерінің ең жоғары қарқынын сақтай отырып, қаржылық шығындарды азайтады.

«Westfalia Қазақстан» әртүрлі модельдер мен модификациялардағы автоматты сауу залдарын, ІҚМ-ны ыңғайлы ұстауға арналған жабдықтарды, сүт-тауар фермаларында қажетті микроклиматты қамтамасыз ететін желдету жүйелерін, көң шығару жүйелерін, ІҚМ көңін сепарациялау жүйелерін және т.б. жеткізумен айналысады.

Сонымен қатар, «Westfalia Қазақстан» мамандары сапалы кепілдік және сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Отандық сауыншылар арасында танымал «карусель» типті Westfalia сауу машиналары өнеркәсіпте өзін жақсы жағынан көрсетті.

«Қазақстанның Дала күні Jana Dala / Green Day» мамандандырылған көрме-демонстрациясы 18-19 шілдеде Ақмола облысында және 1-2 тамызда Қостанай облысында өтеді. Көрмелерді ұйымдастырушы - қазақстандық Expo Time компаниясы.