Солтүстік Қазақстан облысында ірі қара малдың бруцеллезі анықталды
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының ауылдық округіндегі «Атамекен-Агро-Тимирязево» мал шаруашылығы кешенінде ірі қара малдың бруцеллезі анықталды. Докучаев ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруашылық аумағында шектеу іс-шаралары белгіленді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округі Докучаев ауылының «Атамекен-Агро-Тимирязево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген әкімнің Ашық НҚА порталында жарияланған шешімінде.
Бруцеллез - жұқтырған жануарлармен байланыста болған кезде жануарлардан адамға берілетін зоонозды инфекциясы. Инфекцияның қоздырғыштары -бактериялар (бруцеллалар), адамдар үшін патогенді микроорганизмдер. Инфекция көзі - ауылшаруашылық жануарлары, негізінен ұсақ және ірі қара мал. Жылқылар, шошқалар, түйелер, иттер де ауырады.