Қазақстан автокөлікпен жұмыртқа әкелуге тыйым салуды енгізді
Ауыл шаруашылығы министрлігі жарты жылға үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салды. Шектеулер 1 мамырдан бастап күшіне енеді.
«Көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым салынды. Өздеріңіз білетіндей, осы кезеңде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс және нарықта үй шаруашылығы өнімдерінің белсенді болуы есебінен толығымен жабылады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құннан төмен төмендеуі кәсіпорындардың табыстылығына теріс әсер етеді»,-деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство осы кезеңде жұмыртқаларды сақтау мерзімі қысқарғанын атап өтті. Бұл ретте жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды, бұл қоймаларда қордың артық жиналуына әкеледі.
Осыған байланысты Сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия көктемгі-жазғы кезеңге тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша шектеулер белгілеуді мақұлдады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі тыйым Қазақстан аумағы арқылы тауық жұмыртқасының транзитіне қолданылмайтынын нақтылады.