Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез анықталды
Бруцеллез Солтүстік Қазақстан облысындағы «Гусаковка» ЖШС-де анықталды. Гусаков ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруашылық аумағында шектеу іс-шаралары енгізілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округінің Гусаковка ауылындағы «Гусаковка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін», - делінген жергілікті әкімдіктің шешімінде.
Құжат қолданысқа енгізілді.
Бруцеллез - жұқтырған жануарлармен байланыста болған кезде адамға берілетін зоонозды инфекция. Инфекцияның қоздырғыштары - бактериялар (бруцеллалар), адамдар үшін патогенді микроорганизмдер. Инфекция көзі - ауылшаруашылық жануарлары, негізінен ұсақ және ірі қара мал. Жылқылар, шошқалар, түйелер, иттер де ауырады.