Қазақстанда ІҚМ саны 2 млн басқа қысқарды
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді өзектендіру бойынша жұмысты аяқтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
«2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын ескере отырып, ірі қара мал басы шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны – 14%-ға, ешкі – 20%-ға, шошқа – 34%-ға, құс еті - 22%-ға, тірі салмақтағы ет өндірісі - 15%-ға, тауық жұмыртқасы 10%-ға қысқырды», – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, тиісті деректер ішкі нарықты реттеу бойынша жоспарлау мен шешім қабылдау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Осыған ұқсас жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Оны 2024 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарлануда.