Абай облысында бруцеллез анықталды
Абай облысының Аягөз ауданындағы «Бірлік» шаруа қожалығында ірі қара малдың бруцеллезі анықталды. Қопа ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруашылық аумағында шектеу іс-шаралары белгіленеді. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.
«Бірлік» шаруа қожалығының ірі қара малының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты сауықтыру іс-шараларын жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары енгізілсін», - делінген құжатта.
Шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бруцеллез - жұқтырған жануарлармен байланыста болған кезде адамға берілетін зоонозды инфекция. Инфекцияның қоздырғыштары - бактериялар (бруцеллалар), адамдар үшін патогенді микроорганизмдер. Инфекция көзі - ауылшаруашылық жануарлары, негізінен ұсақ және ірі қара. Жылқылар, шошқалар, түйелер, иттер де ауырады.