10 февраля 2025 Мал шаруашылығы

Қостанай облысындағы шаруа қожалығында бруцеллез анықталды

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Славенка ауылындағы «Кузьминых А.С.» шаруа қожалығында ірі қара малдың бруцеллезі анықталды. Шаруашылық аумағында шектеу іс-шаралары белгіленді.

Шаруашылық аумағында эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу үшін санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын бруцеллез ошағы Қостанай облысының Әулиекөл ауданында, «ИНСПЭК» ЖШС-де анықталған болатын. 150-ге жуық ірі қара мал санитарлық союға жіберілді.

Бруцеллез - жұқтырған жануарлармен байланыста болған кезде адамға берілетін зоонозды инфекция. Инфекцияның қоздырғыштары - бактериялар (бруцеллалар), адамдар үшін патогенді микроорганизмдер. Инфекция көзі - ауылшаруашылық жануарлары, негізінен ұсақ және ірі қара. Жылқылар, шошқалар, түйелер, иттер де ауырады.