Қостанай облысында мал құтыру ауруын жұқтырған
Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы «Жаңабек» ЖШС аумағында ІҚМ арасында құтыру анықталғаннан кейін шектеулер белгіленді.
«Жаңабек» шаруашылығы Свердловка ауылында жұмыс істейді.
Эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу үшін іс-шаралар өткізілетін болады.
Құтыру – өлімге әкелетін вирустық ауру. Жануардан адамға беріледі. Мал арасында құтырудың алдын алу шарасы вакцинация болып табылады.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин ауыл шаруашылығы жануарларының құтыру және басқа да аурулармен сырқаттанушылығының төмендегенін мәлімдеген болатын. Соңғы үш жылда жалпы сырқаттанушылық 49,1%-ға төмендеді. Ал 2025 жылдың алғашқы бес айында бұл көрсеткіш 68,1%-ды құрады - ең алдымен бруцеллез, құтыру, эмкар және сібір жарасы ауруларының азаюына байланысты.