07 августа 2025 Мал шаруашылығы

Қазақстан бұқашықтарды әкетуге тыйым салуды ұзартты

Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. және қаржы министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі бірлескен бұйрығымен Қазақстан аумағынан бұқашықтарды әкетуге тыйым салу ұзартылды.

«2025 жылғы 30 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.

Бұйрық 2025 жылғы 16 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамырда бұқашықтарды үш ай мерзімге әкетуге тыйым салынды, оның мерзімі 15 тамызда аяқталады.