Қазақстанда бұқашықтарды әкетуге тыйым салу ұзартылды
Бұқашықтарды Қазақстаннан әкетуге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылды. Мұндай шешімді 8 қазанда Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) қабылдады, деп үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«ЕАЭО елдеріне жеткізуді қоса алғанда, бұқашықтарды әкетуге тыйым салу алты айға ұзартылды және 120 мың бас көлемінде қошқарларды әкетуге квотаның қолданылуы сақталды», - деп үкіметте хабарлады.
Айта кетейік, бұқашықтарды әкетуге тыйым салу екінші рет ұзартылуда, алдыңғы тыйым 31 қазанға дейін қолданылады. Бұқашықтардың экспорты ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап тоқтатылды.
Сонымен қатар, елде сиыр етінің экспортына шектеулер енгізілді. Сауда министрлігінің мәліметінше, ет өндірушілерге экспортқа рұқсат етіледі, олардың арасында квота бөлінген, ал нарықтағы делдалдарға рұқсат етілмейді.