Жетісу облысында құс етін өңдеуге 14 млрд теңге жұмсалады
Алдағы жылдары Жетісу облысының Көксу ауданында қуаттылығы жылына 15 тонна құс етін өңдеу іске қосылады. Құны 14 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны «Beles Agro KZ» ЖШС жүзеге асырады. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңір әкімі Бейбіт Исабаев өңдеу саласына инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Ағымдағы жылдың 9 айында Көксу ауданының экономикасына 13,6 млрд теңге инвестиция тартылды. 2025-2028 жылдары жалпы сомасы 29,4 млрд теңгеге жеті инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 542 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта ауданда үш ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл қазір шикізатты қабылдау және өңдеу жұмыстары басталған Көксу қант зауыты. Қайта құру арқасында қуаттылық тәулігіне 5 мың тоннаға дейін жеткізілетін болады.
Екінші кәсіпорын - қуаттылығы 53 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін «Уыз Май Индастри» ЖШС. Бүгінгі таңда серіктестік 10,5 мың тонна майбұршақ қабылдады, 2,2 мың тонна қайта өңделді.
Үшінші ірі кәсіпорын - «Көксу СМ» сүт зауыты («Аркабаев» ЖК), онда жылына 12 мың тонна сүт өңделеді. Шикізат Көксу, Кербұлақ, Ескелді аудандарынан алынады.
Сонымен қатар, ақпан айында күніне 40 тонна сүт өнімдерін шығаратын Green Horizon Enterprises цехы іске қосылды.