08:05 Мал шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортына жаңа шектеулер енгізді

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұқашықтарды экспорттауға тыйым салуды ұзарту және қошқарларды экспорттауға жаңа квоталар енгізу туралы екі бұйрық шығарды.

Қазақстаннан бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды.

4 айдан асқан қошқарларды экспорттауға арналған квоталар 2026 жылғы 30 сәуірге дейін қолданылады, квоталар көлемі - 120 мың бас: бордақылау алаңдары мен тауар өндірушілер үшін 60 мыңнан. Бұл ретте бір бордақылау алаңына арналған шектеу оның қуатының бір және жиынтық мөлшерінде 30%-дан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – квотаның қолданылу кезеңіне 500 бастан аспайды. Қуаттылығы 5 мың бас және одан асатын бордақылау алаңдары үшін шектеу квотаның бүкіл қолданылу кезеңіне 1,5 мың қошқарлардан аспауға тиіс.

Екі бұйрық та 5 қарашадан бастап күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу ағымдағы жылдың 15 мамырынан бастап қолданыста.