24 декабря 2025 Мал шаруашылығы

Маңғыстауда түйе сүтін өңдейтін үш зауыт салынады

Маңғыстау облысында түйе сүтін терең өңдейтін үш зауыт салу жоспарлануда. Жобалар тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталған. Бүгінде өңірде 95 мыңға жуық түйе бар. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл облыста түйелерді автоматтандырылған сауу цехы ашылды.

Жалпы өңірде 2025-2027 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған 23,6 млрд теңге сомасына 15 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Ветеринариялық жүйені жаңғырту шеңберінде 43 ветеринариялық пункт және бір станция пайдалануға беріледі.

Ағымдағы жылы Маңғыстау облысында 38 млрд теңгеге жуық ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі 22,4%-ға ұлғайды.