Қарағанды облысында ІҚМ арасында пастереллез анықталды
Қарағанды облысының Сарытерек ауылдық округіндегі «Ақшағыл» қыстау аумағында ірі қара малдың пастереллезбен ауыруына байланысты шектеу іс-шаралары енгізілді.
Ауылдық округ әкімінің шешіміне сәйкес аурудың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында шектеулер белгіленді.
Пастереллез - жабайы және ауылшаруашылық жануарларының жұқпалы ауруы. Ауру жоғары жұқпалылықпен және тез өршуімен сипатталады. Ірі қара малда ауру температураның күрт көтерілуімен, күйзеліспен, жемшөптен бас тартумен, ісінумен, тыныс алудың қиындауымен және өліммен бірге жүреді. Ауру жануарлар арасындағы тез таралады және жедел ветеринарлық шараларды қажет етеді. Пастереллез уақтылы емделмесе, ауру жануардың бір тәулік ішінде өліміне әкелуі мүмкін.