Жамбыл облысында толық роботтандырылған сүт фермасы іске қосылады
Жамбыл облысының Жамбыл ауданында қуаттылығы жылына 3,6 мың тонна сүт өндіретін ірі тауарлы-сүт фермасы салынуда. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаның бастамашысы, Aznur Agro ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы Азат Сатановтың айтуынша, құрылыс жұмыстары 80% аяқталды.
Жоба аясында жылдық қуаттылығы 3,6 мың тонна сүтті құрайтын заманауи ферма пайдалануға беріледі, сондай-ақ 32 жаңа жұмыс орны ашылады. Ресейден 340 ірі қара мал сатып алынды.
«Болашақта бұл нысан облыстағы алғашқы толық цифрландырылған ферма болады. Мұнда бір уақытта 16 сиырды саууға мүмкіндік беретін карусельді сауу қондырғысы орнатылады, сондай-ақ малды толық басқару жүйесі енгізіледі. Ылғалдылық, температура және желдету параметрлері автоматты режимде реттелетін болады, қора-жайларды автоматты тазалау жүйесі көзделетін болады», - деп атап өтті әкімдікте.