Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі малды жою туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде таратылатын малды алып қою және жою туралы бейнематериалдардың Қазақстанға қатысы жоқ, шектеу шараларын енгізу және ауыл шаруашылығы жануарларын жою туралы шешімдер қабылданбаған. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде мәлімдеді.
«Ел аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын алып қою немесе мәжбүрлеп жою жөніндегі кез келген іс-шаралар қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес - тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі негізінде және жергілікті атқарушы органдар шектеу шараларын міндетті түрде енгізген кезде ғана жүргізіледі. Осындай іс шараларды тек Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ өткізеді. Бүгінгі күні Қазақстанда шектеулер енгізу туралы шешімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын алып қою және жою туралы нұсқамалар қабылданбады», - деп ведомствода хабарлады.
Министрлік тек ресми ақпаратқа сенуге және халықтың негізсіз алаңдаушылығын тудыруы мүмкін тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.