Ақтөбе облысында ет өңдеу комбинаты іске қосылады
Ақтөбе облысының Шалқар қаласында өндірістің толық циклімен ет өңдеу комбинатын салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Нысанды іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпорын союды, салқындатуды, сақтауды және дайын өнімді өткізуді қамтамасыз ете отырып, тәулігіне 70 бас ірі қара мен 300 бас ұсақ малды өңдейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айынан бастап Қазақстанда мал басын және өндіріс көлемін арттыруға бағытталған 2030 жылға дейінгі мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Құжат ірі қара мал санының 7,9 млн-нан 12 млн басқа дейін, ұсақ мал санының 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін өсуін көздейді. Ет өндірісін 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту, сондай-ақ экспорттың екі еселенген өсімі - 82 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін ұлғайту күтілуде.