15:50 Мал шаруашылығы

Түркістан облысында балық шаруашылығы кластері құрылады

Құны 1 млрд теңгеге жуық балық шаруашылығы кластерін құру жөніндегі жобаны Түркістан облысының Шаға ауылдық округінде GOLD FISH TURKISTAN компаниясы іске асыруда. Іске қосылғаннан кейін кәсіпорын жылына 300-400 тоннаға дейін балық өндіреді деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік әкімдікте хабарлады.

Қазіргі уақытта «Шаға» су қоймасы аймағында жаңа жобаны іске асыру бойынша жұмыс басталды. Балық шаруашылығы кластерін дамыту үшін ӘКК үлесінен жер бөлінді. Жоба 2027 жылы толығымен іске қосылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, инвестор өңірдегі акватуризмді дамытуға 1,5 млрд теңге салады. Бір маусымға қуаттылығы 100 мың адамға бағаланады.

«Жобалар іске қосылғаннан кейін бұл аудан балық шаруашылығы және туристік орталыққа айналады», - деп атап өтті әкімдікте.