Кеше Мал шаруашылығы

Қазақстанда мал шаруашылығын 30 млрд теңгеге субсидиялау тәуекелдері анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі мал шаруашылығы саласындағы субсидияларды 30 млрд теңгеге тиімсіз пайдалану тәуекелдерін анықтады. Бұл туралы ҚМА төрағасы Жанат Элиманов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде мәлімдеді.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, бюджет шығыстарының мониторингі кезінде мал шаруашылығын субсидиялау тәуекелдері анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың басында үкімет Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың 2026 – 2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті. Сондай-ақ, жоспар субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын да қамтиды.

Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде еліміздегі ірі қара мал басының саны 7,9 млн-нан 12 млн басқа дейін, ұсақ мал басы 20,2 млн-нан 28 млн басқа дейін ұлғаяды деп болжануда. Ет өндірісінің 1,2 млн тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін өсуі және оның экспортының 82 мың тоннадан 165 мың тоннаға дейін екі есе ұлғаюы болжанып отыр.