09:20 Мал шаруашылығы

Қостанай облысында мал шаруашылығына 40 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

Қостанай облысында мал шаруашылығы саласындағы 40,6 млрд теңге сомаға 133 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Оларды іске асыру шеңберінде 37,8 мың бас ІҚМ және 30,5 мың бас ІҚМ сатып алу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында хабарлады.

Жобаларды іске асыру 2026-2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарында көзделген жеңілдікті несиелеу бағдарламаларымен қолдау көрсетілетін болады:

  • «Игілік» — шағын және орта шаруашылықтар үшін;
  • «Береке» — ірі жобалар үшін;
  • «Жайлау» — фермалар мен жайылым инфрақұрылымын дамыту үшін.

Несиелеу жылдық 6% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі. Бағдарламалар асыл тұқымды мал сатып алуға, фермалар салуға, жайылымдарды дамытуға, техника сатып алуға, заманауи технологияларды енгізуге қаржыландыруды көздейді.

Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың жалпы жер қоры 747,7 мың га құрайды. қолдаудың басты мақсаты ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті арттыруға қабілетті тұрақты және бәсекеге қабілетті саланы құру болып табылады.