13:19 Мал шаруашылығы

Қазақстанда ветеринария мамандарының жалақысы 2,5 есеге артады

Қазақстан үкіметі ветеринарияны дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті. Құжат аясында елімізде саланы кадрлық қамтамасыз етуді күшейту және ветеринарлық мамандардың жалақысын арттыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді.

«Құжатта кадр мәселесіне ерекше назар аударылған. Президенттің тапсырмасын орындау аясында ветеринария мамандарының жалақысын көтеруге қаржы бөлінді. Нәтижесінде орта арнаулы білімі бар жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 2,5 есеге — 210 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін артады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Кешенді жоспар цифрлық шешімдерді енгізуді және мал шаруашылығы өнімдерін «фермадан сөреге дейін» толық бақылауды көздейтінін айтты.