Қазақстанда мал шаруашылығындағы асыл тұқымды жұмыстарға мемлекеттік бақылау күшейтіледі
Қазақстанда асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың жай-күйін, сондай-ақ асыл тұқымды малды бағалау және индекстік бағалау жөніндегі қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады. Тиісті нормалар Мәжіліс қабылдаған ара шаруашылығы мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулермен көзделген.
Түзетулерге сәйкес, мемлекеттік инспекторлар салада селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын болады. Олар сондай-ақ асыл тұқымды малды бағалау және индекстік бағалау бойынша қызметтердің сапасын қадағалайтын болады.
Сонымен қатар, жануарлар түрлері бойынша республикалық палаталарды хабардар ету тәртібі енгізілуде. Бұл олардың жұмысын ретке келтіруге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сондай-ақ, құжатта асыл тұқымды мал шаруашылығы мен ара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары бекітіледі. Халықаралық тәжірибеге сәйкес асыл тұқымды кітаптарды жүргізу тәртібі нақтыланады, сондай-ақ селекциялық жұмыстың сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін генетикалық материалды әкелуге бақылау күшейтіледі.