Қызылжар Құс KZ құс фабрикасы өндірісті кеңейтуге 5 млрд инвестиция салады
Павлодар облысының Ақсу қаласында жұмыс істейтін «Қызылжар Құс KZ» ЖШС өндіріс қуатын кеңейтеді. Жоба іске асырылғаннан кейін зауыт жылына 10 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін болады. Бұл туралы Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жобаға инвестиция көлемі 5 млрд теңгені құрайды. Өндірістік қуаттарды кеңейту екі кезеңде жоспарлануда. Қазіргі уақытта «Қызылжар Құс KZ» ЖШС-нің тоғыз құс қорасы бар. Жобаның бірінші кезегі аясында екі жаңа құс қорасын салу жоспарлануда, ал екінші кезекті іске асыру барысында тағы жеті құс қорасынсалу жоспарлануда.
Жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату жөніндегі бастама аясында жеңілдікті қаржыландыруға ие болды. Сондай-ақ, кәсіпорын Инвестициялық жобалардың ұлттық тізбесіне енгізілді.
«Жаңа қуаттарды іске қосу құс етін өндіру көлемін ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға, кәсіпорынның өндірістік әлеуетін кеңейтуге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы басқармасында.
Естеріңізге сала кетейік, «Қызылжар Құс KZ» құс фабрикасы 2025 жылы тоқтап, инвестор ауысқаннан кейін жұмысын қайта бастады. Кәсіпорынды іске қосуға 5 млрд теңге инвестицияланды, оның 1,5 млрд теңгесі нысандарды қалпына келтіруге жұмсалды, ал қалған қаражат қарыздарды өтеуге, жабдықтарды сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталды.