20 октября 2020 Мал шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы министрлігі үш құс фабрикасында 847 мың құс өлгендігі туралы хабарлады

 Қазақстанда құс тұмауының таралуы нәтижесінде 873 мыңнан астам құс өлді, оның 847 мыңы - үш құс фабрикасында болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

«22 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі аралықта 7 облыста құстардың қырылуы болды. Үй құстары жоғары патогенді құс тұмауынан өлгендігі расталып, тіркелді. Жеке фермаларда 26,5 мың бас, 3 құс фабрикасында 847,4 мың бас құс өлді. Осылайша, жоғары патогенді құс тұмауынан 873,9 мың құс өлді, бұл жалпы құстар санының 1,9% құрайды», - деді министр.

Тақырыпқа байланысты оқуТоқаев Ауыл шаруашылық министрлігін құс тұмауына байланысты сынға алды

Министрдің хабарлауынша, қазіргі уақытта барлық жеті облыстағы жеке қосалқы шаруашылықтарда құс өлім тоқтатылды, ал үш құс фабрикасында өлім азаяды, ауру құстарды жою және олардың иелеріне шығындарды өтеу жұмыстары жүргізілуде.

С.Омаров сонымен қатар инфекцияның әр ошағына карантин енгізілгенін және құс пен құс өнімдерін әкелуге және әкетуге тыйым салынғанын, жою мен дезинфекциялау және жою бойынша шаралар жасалып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, буферлік аймақ құру үшін жабайы құстардың ұшу жолында орналасқан құс фабрикаларына міндетті түрде вакцинациялау жасау үшін ветеринариялық препараттар алуға республикалық қордан құс тұмауына қарсы 4,4 миллион доза вакцина бөлінді.

Сапархан Омаров атап өткендей, осы күзге дейін Қазақстан 2005 жылдан бастап құс тұмауынан таза болған еді.