Француздық D.A.E. компаниясы Қазақстанда ешкі ірімшігі өндірісін ашады
Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Галиев D.A.E компаниясының басшысымен әңгімелесті. Дэвид Аммё Алматы облысында ешкі сүтінен ірімшік өндірісін ашуды жоспарлап отыр. Аталған компания жергілікті шикізатты пайдаланып, жұмыс күшін ұолданбақшы. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл өндіріске 1 млн еуро инвестиция салынады. Жобаны қаржыландыруға D.A.E. компаниясынан басқа, халықаралық инвестициялық және консалтингтік Kairos Advice компаниясының бас директоры Айгүл Саинова қатысады.
Компания асыл тұқымды ірі қара малды Франциядан әкеледі, сондай-ақ технологиялар трансферті мен осы салада білім беруді жоспарлап отыр.
Елшінің айтуынша, бұл жоба Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласына сай жасалады. Ешкі сүтінен ірімшік өндіру өте тиімді, сонымен қатар ЕАЭО, Қытай және Орталық Азия елдерінің нарықтарына шығуға мүмкіндік бар.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда ешкі өсіру ісі қолға алынды ма?
Елші бұл жоба Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, «Kazakh Invest» ҰК және басқа да мүдделі ведомстволар тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі деп сендірді.
Давид Аммё өз кезегінде серіктестермен келіссөздерді аяқтау үшін және осы жылы ешкі ірімшігінің алғашқы партиясын дүкен сөрелеріне жеткізу үшін жақын арада Қазақстанға келуді жоспарлап жатқандықтарын мәлімдеді.