Алматы облысында швейцариялық технология бойынша ферма салынады
KS Genetics Switzerland SA компаниясы Алматы облысында жылдық қуаттылығы 50 мың шошқа асырайтын швейцариялық технологияға негізделген гибридті мал кешенін салуды жоспарлап отыр. Аталған жобаға 20 млн еуро салынады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі және KS Genetics Switzerland президенті және акционері Филиппо Ломбардимен кездесуде «Астана ЭКСПО» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Бұл мал шаруашылығы кешенін қазіргі заманғы швейцариялық технологияларды қолдана отырып, украиналық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Біз мал генетикасымен жұмыс істейміз, бірақ табиғатқа қарсы шықпаймыз, табиғи заңдылықтар аясында әрекет етеміз. Бұл табиғи генетика. Біз мал шаруашылығы саласындағы заманауи технологияларымызды жергілікті өндірушілермен бөлісуге дайынбыз», - деді ол.
Оның айтуынша, салынатын кешеннің міндеті генетикалық манипуляциясыз, өнімділігі жоғары, ауруларға төзімді таза тұқымды шошқаларды өсіру болып табылады.
Тақырпқа байланысты оқу: Асыл Түлік компаниясы ШҚО-да өз шаруашылығын ашады
Өз кезегінде KSG Agro директорлар кеңесінің төрағасы, Швейцарияның KS Genetics акционері Сергей Касьянов жобаның бірінші кезеңінде 25-30 млн еуро инвестиция салуды жоспарлап отырғанын айтты. Мал шаруашылығы кешенінің құрамына репродуктор, ферма және жем фабрикасы кіреді.
Аймақтың соя мен жүгеріні өсіруге мамандандырылуы үлкен артықшылық болып табылады.
«Біз өзімізге қажетті малдарды өсіру үшін жергілікті фермерлерді қаржыландыратын боламыз, содан кейін етті сол жерде өңдеуді жоспарлап отырмыз. Ендігі кезекте біз жобаны болашақта жүзеге асыратын орынды бірлесіп таңдауымыз керек. Бұрын осы типтегі шаруашылықтар орналасқан сайттар да біз үшін қолайлы. Біз дайын өнімді Қытайға экспорттауды жоспарлап отырмыз», - деді С.Касьянов.
Облыс әкімі Амандық Баталов инвесторлармен сұхбатында облыста қант қызылшасы, жүгері және сояның республикалық көлемінің 95% өсірілетінін атап өтті.
«Сонымен қатар мал шаруашылығы саласын трансұлттық компаниялармен бірлесіп дамыту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз неміс және американдық компаниялармен бірге MRS және ірі қара малдан ет өңдеу бойынша екі ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Біз әрдайым ынтымақтастықта жұмыс істеуге қуаныштымыз. Бізге шетелдік технологиялар қажет», - деді А.Баталов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға Tyson Foods компаниясы не үшін керек?
Облыс әкімі инвесторларға барынша қолдау көрсетеді деп сендірді.
«Швейцария технологиясы бүкіл әлемде жоғары бағаланады, сондықтан оны біздің елде де қолданғандарыңыз жақсы болар еді. Бизнестің жол картасы аясында біз кәсіпорынға қажетті инфрақұрылымды жеткізіп бере аламыз. Мен сіздерге «Қорғас - Шығыс қақпасы» аумағында үлкен нарыққа шығу мүмкіндігі болу үшін логистикалық база салуды ұсынамын. Контейнерлер құрғақ порт арқылы Еуропаға 10-12 күнде жетсе, мұнда Қытайға 3-4 күнде жетуге болады. Бұл өте ыңғайлы», - деп атап айтты А.Баталов.