Павлодар облысында 1 000 бас сиырға арналған мал бордақылау орны ашылды
Ет бағытындағы ІҚМ басын импорттаумен айналысатын - «Agro Export Pavlodar» ЖШС Павлодар облысында 1 000 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын ашты. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
«Компанияның жоспары көп. Тек 2020 жылдың өзінде жалпы инвестиция көлемі 850 млн астам теңгені құрады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан 1 000-нан астам ірі қара мал әкелді. 2 700 бас сиырды сатуға арналған мал базалары салынды, оның ішінде 1000 бас асыл тұқымды малға арналған орын және одан да көп басқа да мал бордақылау орындары бар», - деді Павлодар облысы, Май ауданы, Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры.Оралбек Сыздықов,
Май ауданы ауыл шаруашылық малдарына арналған жайылымдық жер және Ертіс жағалауы шабындық шөп дайындау үшін қолайлы орын болып табылады. Облыста 178 шаруа қожалығы бар, оның 9-ы ғана өсімдік шаруашылығымен айналысады.
Agro Export Pavlodar компаниясының басқарушы директоры Тастанбек Темірбековтің айтуынша, серіктестіктің жалпы аумағы 30 000 га болатын жайылымды құрайды.
«Кәсіпорындағы негізгі бағыт - халыққа және көтерме ұйымдарға ет сату және асыл тұқымды мал сату үшін жас төл өсіру. Сонымен қатар, біз ұстап отырған 500 бас асыл тұқымды бұқаларды өзгелерге табындарын көбейту үшін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. 2021 жылы біз мал өсірушілерге арналған 4 жеке үй, сонымен қатар тағы 5 мал базасы мен 1 астық қоймасын салуды жоспарлап отырмыз », - деді ол.
Тақырыпқа байланысты оқу: Павлодарда бұқаларды технология арқылы анықтайтын болады
Кәсіпкерлер палатасы серіктестік пен фермерлік шаруашылықтарға сатылатын герефорд тұқымды ірі қара малды Қазақстанға сертификаттап әкелетіндігін түсіндірді. Жаңа жоба мемлекеттік қолдаудың, сондай-ақ облыстағы Кәсіпкерлер палатасы филиалының толық қолдауымен жүзеге асырылуда.