ШҚО –да балық экспорттау жоспарлануда
Балық шаруашылығын дамыту Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуының басты бағыттарының біріне айналуы керек. Аталған аймақта балық өндіру көлемінің өсуіне байланысты облыс қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар экспорттық нарыққа шығуды жоспарлап отыр.
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыста форель өсіру бойынша үш жоба және бекіре тұқымдас балық өсіру бойынша жоба сәтті жүзеге асырылды. «ШығысУниверсал», «Грандфиш» және OstFish компаниялары жылына 325 тонна балық өндірді. Бұқтырма уылдырық шашу және питомник шаруашылығы соңғы бір жылда ципринидтердің 4 млн карп шабағын өсірді. 15 млн дана ақбалықтардың личинкаларын шығару жоспарлануда -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, облыстың балық өндіретін кәсіпорындары қазірдің өзінде жоғары тиімділікпен, жоғары сапалы өнім шығаруда. 2030 жылға қарай жыл сайын 16,3 млрд.теңге сомасына 9 774 тонна тауарлық балық алу жоспарланып отыр. Оның 8 578 тоннасы - албырт, 1 151 тоннасы - сазан, 45 тоннасы - бекіре тұқымдас балықтар болады. Қолда бар жер мен су қоймаларын кеңейту, жеті жаңа тор ашу мен жаңа көл фермаларын салу, сондай-ақ бар тоғандарда балық өсіру көлемін ұлғайтуға қол жеткізу жоспарлануда.
Тақырыпқа байланысты оқу: Фермерлердің алтын балықтары
«Қазіргі уақытта балықтардың жемі Алматыдан тұрақты түрде әкелінуде. Балыққа берілетін тамақ нормасына қарай, 2030 жылға дейін жемге деген сұраныс шамамен 15 мың тоннаны құрайтын болады. Өңірде балық ұнын өндіретін үш кәсіпорын бар, олар болашақта сазанға арналған жем өндіреді. Жем құрамының әр түрлі нұсқалары таңдалып, облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға ұсынылды. Бұл кәсіпорындар балық жемін қосымша шығару мүмкіндігін қарастыруда. Болашақта жаңа кәсіпорындарда 360 жұмыс орны ашылады», - деді табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды басқару бөлімінің басшысы Мұрат Құсайынов.
Сондай-ақ, әкімдік биыл жем-шөпті субсидиялауға 126 млн теңге бөлу мәселесін қарастыратындықтарын айтты.