Түркістан облысында 130 мың гектар жер жайылымға беріледі
Түркістан облысында ауылшаруашылық жерлеріне ғарыштық мониторинг жүргізіліп, жауапсыз жер пайдаланушыларға бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, облыста жергілікті тұрғындар үшін жайылымдар беру мәселесі шешілуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жалпы облыста жайылым тапшылығы 152 елді мекенде бар екендігі анықталды. Жыл соңына дейін 130 мың гектар жер мемлекеттік пайдалануға жалға беріледі. Бұл тұрғындар пайдаланатын жайылымдардың 742 мың гектары немесе 21% ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазір жерді мемлекетке қайтару мерзімін екі жылдан бір жылға дейін қысқартуға арналған заң жобасы қарастырылуда.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыста жайылымдар алқабын ұлғайту жұмыстары жалғасуда.
Тақырыпқа байланысты оқу: Елді мекен жанында жайылымдардың жетіспеуі 29 млн га
Жерге жасалған космомониторингтің нәтижелерін талқылаған аппарат мәжілісінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды.
«Облыс аумағында жерді қазу жағдайлары жиілеп кеткен. Әкімдер қайда қарап отыр? Бұл табиғатты мазақ ету. Жануарлар сол жерге құлап, мерт болады емес пе. Осы мәселеге байланысты әкімдер жағдайды реттеуін тапсырамын», - деді әкім.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық жер инспекциясына осындай жағдайлардың алдын алу шараларын қабылдау үшін арнайы хат жіберілген.
Түркістан аймағында тұрақтытүрде жүргізілетін ғарыштық мониторинг барлық жерлерді қамтиды және жердің қолданылуын, өнімділігі, тіпті судың шығынын анықтауға мүмкіндік береді. Пайдаланылмаған жер учаскелері де анықталады. Бұл жағдайларда игерілмеген жерлерді мемлекетке мәжбүрлеп қайтару жасалады. Жерді екі жыл қатарынан пайдаланбаған жағдайда айыппұл салынады, ал жер салығы 10 есеге өседі.