2020 жылы малға 150 млн екпе жасалады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылы мал дәрігерлік зертханалар салу жоспарлануда. 19 аса қауіпті ауруға қарсы жануарларды вакцинациялау бойынша 150 млн-нан астам егу жұмыстары өткізілетін болады.
Вакцинация жасалатын ауруларды айтсақ, аусыл, сібір жарасы, құтыру, пастереллез, туберкулез, ҰҚМ шешегі, құс тұмауы, оба, жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея, сондай-ақ эмкар, эктима, жылқының маңқасы, ринопневмония, нодулярлық дерматит, етқоректілердің эхинококкозы, лептоспироз, листериоз, Ньюкасл ауруы, қойдың анаэробтық энтеротоксемиясы және брадзот аурулары кіреді.
Вакцина салу жұмыстары үшін 120 млн. доза ветеринарлық дәрі-дәрмек пен 30 мың литр дезинфекциялау құралдары сатып алынады.
Бүгінгі күні ветеринариялық-алдын алу іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіледі, ветеринариялық зертханалар штаттық режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар, аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық жағдай ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің қатаң бақылауында тұр.